21.10.2024 в 16:01

«ЖАСТАР РУХЫ» БЕЛСЕНДІЛЕРІ ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША 10 МЫҢ ТУ ІЛЕДІ

Қазақстанда үшінші жыл қатарынан «Менің Елім – Менің Туым» акциясы өтіп жатыр, ол ҚР Мемлекеттік Туын насихаттауға бағытталған. Республика күні қарсаңында «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері еліміз бойынша 10 мыңға жуық Туды ілуді жоспарлап отыр. 

Баршаға белгілі, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылды. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы декларация қабылданып, ол Тәуелсіздікке бастар маңызды алғашқы қадам болды. Осы орайда елдігіміздің белгісі мемлекеттік рәміздерімізге деген құрмет ерекше болуы тиіс. Мұны жете түсінетін қазақстандықтар Елтаңбамызға, Әнұранымызға және Көк туымызға деген құрметін ешқашан төмендеткен емес. Бұл сөзіміздің басты айғағы ретінде еліміздің барлық аймақтарында мемлекеттік рәміздерді ұлықтауға арналған түрлі іс-шаралардың жыл он екі ай бойы толассыз ұйымдастырылатынын айтуға болады. 
Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке. Шымкент қаласы «Жастар рухының» белсенділері де қаланың орталығында орналасқан көпқабатты ғимараттарға көк байрағымызды ілуді жалғастыруда. 

Рухтастар қолға алған бұл істі кез келген тұрғын мен қала қонақтары Республика күніне дейін ерікті түрде жалғастыра алады. Ол үшін көк байрағымызды үйіңіздің төбесіне, көліктеріңізге немесе басқа да ғимараттарға ілуге болады. Кәсіп иелері де акциядан шет қалмай мемлекеттік Туды дүкен, мейрамхана секілді басқа да кәсіптік нысандарына орнатуға болады.