22.10.2024 в 17:25

ШҚО жастары патриоттық акцияны қолдады

Республика күніне орай бастау алған #Менің Елім Менің Туым акциясын Өскемен қаласындағы қарқынды дамып келе жатқан шағын ауданның тұрғындары мен жастар ұйымдарының белсенділері белсене қолдады. Көпқабатты үйлердің тұрғындары көк туымызды мақтанышпен іліп, мерекеге ерекше сән берді.

Акцияның мақсаты – азаматтардың патриоттық рухын көтеріп, елге деген сүйіспеншілікті арттыру. ШҚО тұрғындары мен жастар өкілдері бұл шараның маңыздылығын атап өтіп, ел болашағына сеніммен қарайтындықтарын білдіруде.

Облыста бұл бастаманы қолдаушылардың саны күннен-күнге артып келеді, ал ту ілу арқылы көрсетілген қолдау – азаматтардың бірлігін паш етеді.

#RepublicDay #МеніңЕлімМеніңТуым