24.10.2024 в 18:02

25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы Декларация қабылданған болатын. Бұл еліміздің Тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы еді. 

Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. 
Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы мен мәртебесі асқақтап, келешегі көркейе берсін.

Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер тілеймін. 
Республика күні мәңгі жасай берсін!
 
Төлебай Бекзат Октябрьұлы,
«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ Шымкент қалалық филиалының төрағасы