13.11.2024 в 18:04

Шымкентте үшкіл жүйке ауруына қарсы күрделі ота сәтті жасалуда

Шымкент қалалық №2 ауруханасының білікті дәрігерлер құрамы үшкіл жүйке ауруын емдеуде күрделі ота жасап, науқастар аурудан құлан-таза айығуда. 

Күні кеше күрделі ота дерт әбден жанына батқан 35 жастағы әйелге жасалып, сәтті өтті. Ота 4 сағатқа созылған. Науқастың жағдайы қазіргі таңда жақсы және өз тарапынан дәрігерлерге шексіз алғысын білдіреді. 

Үшкіл нерв невралгиясына  қарсы ота аталған ауруханада жыл басынан бері қолға алынған. Осы уақыт аралығында 20-дан астам адамға операция жасалған. Медициналық қызметтің жаңа мүмкіндіктерін көрсеткен емдеу тәсілі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде жүзеге асырылуда. 

Аурухананың бас дәрігері Бахытжан Позиловтың айтуынша, дәрігерлер бүгінде бас-ми ісігі, бас-ми тамырларының аневризмасы, эпилепсия, паркинсон диагноздары қойылған науқастарға эндоваскулярлы ем-шаралармен қатар, күрделі нейрохирургиялық операция түрлерін сәтті  жасауда. Мақсат — тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсету және күрделі операцияларды жергілікті деңгейде қолжетімді ету. 

Жалпы, жыл басынан бері Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда МӘМС есебінен 1000-нан астам жоғары технологиялы медициналық көмек көрсетілген. Ақ желеңділер диагностика жасауда сондай-ақ жасанды интелектінің де мүмкіндіктерін қолдануда. 
#әмсқшымкент#мәмсшымкент