21.11.2024 в 11:32

Шығыс Қазақстанда «Қыс-2024» РКШУ басталды

21-22 қарашада өңірде «Қыс-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізіледі, оның барысында құтқарушылар мен азаматтық қорғау күштерінің қысқы кезеңде туындаған төтенше жағдайларды жоюға іс-қимылдары пысықталады.
 

  Өздеріңіз білетіндей, қыста аймақтың климаты өте күрделі: ауа температурасы төмен, желді, аймақта 129 қарлы учаске және 325 қар көшкіні жиналатын орындар бар, бұл адамдардың өміріне және шаруашылық объектілеріне қауіп төндіреді.
   

 «Аңыз бойынша, облыста күрделі метеорологиялық жағдайға байланысты бірден бірнеше апаттық жағдайлар мен оқиғалар орын алған. ШҚО ТЖ департаментінің ахуалдық орталығында шұғыл және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде азаматтық қорғау қызметтерін басқару мен өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін штаб орналастырылды. ТЖ жою жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес облыс аумағында қыс мезгілінде 1717 адам, 686 бірлік техника жұмылдырылатын болады. Төтенше жағдайлар департаменті авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу және эвакуациялау үшін 114 бірлік техника көлемінде күштер мен құралдар дайындады», - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов.
Оқу-жаттығу барысында облыста құлақтандыру жүйесі тексерілді.   
     

 22 қарашада өңірде ТЖ шартты аймағында қызметтердің практикалық іс-қимылдары пысықталады.


ШҚО ТЖД баспасөз қызметі