23.04.2025 в 18:59

Шымкентте «Мәртебелі кітап күні» апталығы қорытындыланды

Бүгін А. Пушкин атындағы Шымкент қалалық әмбебап кітапханасында «Ұлттық кітап күні» мерекесіне арналған «Мәртебелі кітап күні» апталығының жабылуына орай мәдени-танымдық іс-шара өтті.

Мерекелік жиынға ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері, кітапханашылар, ұстаздар, мәдениет саласының қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Іс-шараның мақсаты – Мемлекет басшысының «Ұлттық кітап күнін» жариялау туралы бастамасына қолдау білдіру, кітап оқуды кеңінен насихаттау, кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты тереңдету, сондай-ақ ұлттық мәдени-әдеби құндылықтарды болашақ ұрпаққа аманаттау.

Апталық барысында қала кітапханаларында түрлі танымдық және әдеби іс-шаралар ұйымдастырылды. Қорытынды кеште кітапхана жанашырлары мен белсенді оқырмандар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.