23.04.2025 в 19:43

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ БОЙЫНША НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР

2025 жылдың алғашқы тоқсанында Шымкент қаласында 49 513   адамды жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарланып, 1 сәуірге дейін 9 737 адам қамтылды. 2024 жылдың IV тоқсанындағы еңбек нарығының көрсеткіштері бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды, жастар арасындағы жұмыссыздық 3,5%-ды құрады.
2019 жылдан бері әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға 400 АЕК-ке дейінгі қайтарымсыз гранттар беріледі. 2024 жылы 428 адамның бизнес-жобасы қолдау тауып, әрқайсысы 1 476 800 теңгеден алды. Алайда, 36 азамат грантты мақсатсыз пайдаланғаны анықталып, 10 азаматтың ісі сотқа жіберілді, 26 азаматтан қаржыны қайтару жұмыстары жүргізілуде.
2023 жылы 138 азамат грантты мақсатсыз пайдаланғаны белгілі болды. Олардың ішінде 72-сі сот шешімімен, 51-і медиациялық келісім арқылы, 5 азамат  өз еркімен, 7 азамат бөліп төлеу арқылы қаржыны қайтаруда. Жалпы қайтарылуы тиіс 158 млн теңгенің 45 млн теңгесі қайтарылды.
2025 жылы 260 адамға қайтарымсыз грант беру жоспарланып отыр. Өтінім қабылдау күні республика бойынша бір күнге белгіленіп, алдын ала хабарландыру беріледі.
Өңіраралық жұмыспен қамту аясында 2024 жылы Шымкенттен 159 отбасы (592 адам) солтүстік өңірлерге қоныс аударды. 2025 жылдың басынан бері 1 отбасы (6 адам) көшті.