Ұлытау облысында тыл ардагерлері мен кәмелет жасына жетпей тұтқында болған азаматтарға 200 мың теңгеден бір реттік әлеуметтік төлем беріледі.
Сондай-ақ соғыс уақытында азаматынан айырылған аналарға 100 мың теңгеден төленеді.
Аталған қаражаттар сәуір айының соңына дейін тұлғалардың жеке есепшоттарына түседі.