26.04.2025 в 12:32

Әл-Фараби ауданында «Таза Өлке» ЖШС-нің қатысуымен тазалық жұмыстары жүргізілді

Әл-Фараби ауданы әкімдігі «Таза Өлке» ЖШС-і аудан аумағында ауқымды тазалық жұмыстарын өткізді. Акция аясында мекеме қызметкерлері Республика даңғылы бойындағы бірқатар көшелерді және көше бойындағы  аялдамаларды тазартты.

Бұл іс-шараның мақсаты – қаланың көркін сақтау, экологиялық ахуалды жақсарту және тұрғындар арасында таза ортаға деген жауапкершілікті арттыру. Қаламыздың тазалығына үлес қосқан барша қатысушыларға алғыс білдіреміз!

Әрбір сенбілік – бұл біздің қалаға деген сүйіспеншілігіміз бен жауапкершілігімізді көрсетуіміздің бір түрі.