26.04.2025 в 15:07

Ұлытау облысында 2025 жылдың соңына дейін төрт спорт кешені салынады

Ағымдағы жылы бірқатар нысандардың құрылысын аяқтау жоспарланып отыр, тағы бірнеше спорт кешендерінің құрылысы өңірдің бірнеше қаласы мен ауылдарында басталады, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Биыл аяқталады деп жоспарланып отырған нысандар:
- Жезқазған қаласында «СК Намыс» жасөспірімдер спорт академиясы және ескек есу спорт түрлеріне арналған спорт кешені;
- Жаңаарқа ауданында Атасу кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешені;
- Жезді ауылында 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені.

Құрылысы басталатын нысандар:
- Ұлытау ауылында 25 метрлік жабық жүзу бассейні;
- Талап ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені;
- Кеңгір ауылында 120 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені;
- Қаражал қаласында жабық хоккей корты.

Сондай-ақ, қазір Сәтбаев қаласында спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернат пен Жезқазған қаласында мұз аренасы мен бассейні бар спорт сарайының құрылысына жобалық-сметалық құжаттама дайындалып жатыр.

——
Четыре спорткомплекса построят в области Ұлытау до конца 2025 года

Ряд объектов планируют завершить в текущем году, строительство еще нескольких спорткомплексов начнется в нескольких городах и селе региона, передает областной акимат.

В этом году собираются построить:
- академию детско-юношеского спорта «СК Намыс» и база для гребных видов спорта в Жезказгане;
- физкультурно-оздоровительный комплекс в поселке Атасу Жанааркинского района;
- ФОК на 160 мест в селе Жезды.

Объекты, строительство которых начинается:
- Крытый плавательный бассейн на 25 метров в селе Ұлытау;
- ФОК в селе Талап;
- ФОК на 120 мест в селе Кенгир;
- Закрытый хоккейный корт в Каражале.

Также сейчас готовятся проектно-сметные документации на строительство школы-интерната для одаренных в спорте детей в Сатпаеве и дворец спорта с ледовой ареной и бассейном в Жезказгане.