03.05.2025 в 12:34

Ұлытау облысының әкімі Жезқазған қаласындағы жол жөндеу жұмыстарының сапасын бақылады

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Жезқазған қаласының бірқатар автомобиль жолдарында ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты. Сапар барысында өңір басшысы «Алмас Құрылыс Қазақстан» және «Армстрой» ЖШС мердігер ұйымдарының өкілдерімен кездесіп, жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарының барысын тексерді.
Өңір басшысы мердігерлерге асфальт төсеу кезінде жолдың тегістігі мен біркелкілігін қамтамасыз етуді, тротуарларды құм мен қалдықтардан толық тазартуды тапсырды. Сонымен қатар, жұмыстардың қарқынын арттыру мақсатында түнгі ауысымдар енгізу, жұмыс күшін көбейту, қиыршық тастар мен асфальт қалдықтарын уақытылы жинау қажеттігін баса айтты.
«Жолдың жұмыстарын алдымен халық игілігі үшін, адалынан жасау керек. 28 сәуірге дейін жол жиегіндегі қоқыстар мен артық материалдарды тазартуды тапсырғанмын – бұл әлі толық орындалмаған! Әрбір шұңқырды бітеу кезінде асфальт деңгейі бұрынғысымен бірдей болуы қажет. Жол жүргіншілерінің жайлылығы – мердігерлер мен әкімдіктің ортақ міндеті», – деді облыс әкімі.
Сонымен қатар, жол белгілерін салу кезінде олардың сапасы мен көрнекілігіне баса мән беруді, сондай-ақ қалалық әкімдікке жол жөндеу жұмыстарын қабылдау кезінде қатаң бақылау жүргізуді тапсырды.
Сондай-ақ өңір басшысы тарапынан облыс орталығындағы жолдардың орташа жөндеу жұмыстарын бастауды жеделдету, оны уақытылы жүзеге асыру үшін мердігерлерге заң аясында алғашқы жарна қаражатын бөлуді мейлінше тезірек ұйымдастыру тапсырылды.
Облыс әкімі қаржы мен ресурстарды тиімді пайдалануды, аяқталмаған жұмыстарға қайта оралып, қосымша шығын келтірмеуді қатаң ескертті. Ең бастысы – жол сапасына қатысты халықтың наразылығын болдырмай, тұрғындар үшін жайлы орта қалыптастыру қажет екенін атап өтті.
__
Аким области Ұлытау Дастан Рыспеков проконтролировал ход текущих ремонтных работ на ряде автомобильных дорог города Жезказган. В рамках рабочего визита глава региона встретился с представителями подрядных организаций ТОО «Алмас Құрылыс Казахстан» и ТОО «Армстрой» и ознакомился с проводимыми работами.
Аким области поручил подрядчикам обеспечить ровность и однородность асфальтового покрытия при укладке, полностью очистить тротуары от песка и строительных отходов. Также он акцентировал внимание на необходимости введения ночных смен, увеличения числа рабочих и своевременного вывоза щебня и остатков асфальта для ускорения темпов ремонта.
«Работы по дорогам нужно выполнять честно и, в первую очередь, ради блага жителей. Я поручил очистить обочины от мусора и лишних материалов до 28 апреля — но это до сих пор не выполнено в полном объёме! При заделке каждой ямы уровень асфальта должен соответствовать уровню существующего покрытия. Комфорт передвижения по дорогам — общая задача подрядчиков и акимата», — отметил аким области.
Также он поручил обеспечить высокое качество и хорошую видимость дорожных знаков, а городскому акимату — осуществлять строгий контроль за приёмкой всех ремонтных работ.
Дополнительно глава региона распорядился ускорить начало среднего ремонта дорог в областном центре и как можно быстрее организовать выделение аванса подрядным организациям в рамках закона для своевременного выполнения работ.
Аким области подчеркнул важность эффективного использования финансов и ресурсов, недопустимость возврата к незавершённым участкам и дополнительных затрат. Главное, по его словам, — не допустить недовольства населения и создать комфортную среду для жителей.