Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне орай Қаражал қаласында жастар арасында «Жас Ұлан – 2025» атты қалалық әскери-патриоттық сайыс өтті. Іс-шараға мектептер мен колледждердің командалары қатысып, өздерінің күш-жігері мен патриоттық рухын көрсетті.
Сайыс барысында қатысушылар саптық дайындық, АК-74 автоматын жинау мен бөлшектеу, пневматикалық мылтықпен ату сияқты әскери жаттығуларда бақ сынасты.
Қазылар алқасының құрамында:
- Қаражал қаласы әкімінің орынбасары Кулумбетов Досбол Бүркітұлы
- Қорғаныс істері жөніндегі басқарманың бастығы, подполковник Макажанов Арман Рысқалиұлы
- Қаражал қалалық полиция бөлімінің бастығы, подполковник Жақаев Алмаз Жомартұлы
Сайыс нәтижелері бойынша:
🏆 *1 орын* — №3 жалпы білім беретін мектеп
🥈 *2 орын* — №1 жалпы білім беретін мектеп
🥉 *3 орын* — №7 жалпы білім беретін мектеп
Арнайы номинациялар бойынша:
- *Үздік АК-74 жинаушы-бөлшектеуші*
- *Үздік мерген*
- *Үздік командир*
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен марапатталды. Мұндай іс-шаралар жастардың патриоттық тәрбиесін нығайтуға және азаматтық жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.