13.05.2025 в 16:29

ҚОС БІРДЕЙ ЖЕРЛЕСІМІЗ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

2025 жылғы мамыр айында Үндістанның Дели қаласында өткен пара-армрестлингтен Азия чемпионатында еліміздің абыройын асқақтатқан қос бірдей жерлесіміз — Әбілқайыр Демесинов пен Ермек Смаилов жеңіс тұғырынан көрініп, зор жетістікке қол жеткізді.

Халықаралық додада Әбілқайыр Демесинов өзінің шеберлігі мен мықтылығын тағы бір дәлелдеп, екінші мәрте Азия чемпионы атанса, Ермек Смаилов үшінші рет чемпион атағын иеленіп, аймақ жұртшылығын мақтаныш пен қуанышқа бөледі.

Бұл — олардың ұзақ жылғы қажырлы еңбегі мен ерік-жігерінің, тынымсыз жаттығулары мен спортқа деген адалдығының нәтижесі. Екі спортшы да өздерінің табыстарымен тек туған өлкенің ғана емес, бүкіл Қазақстан халқының мәртебесін өсіріп, патриотизм мен рухтың айқын үлгісін көрсетті.

Жерлестерімізді айтулы жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы спорттық жолдары тек сәттілікке, жаңа белестер мен жарқын жеңістерге толы болсын!