Ауданымызда аудан әкімі грантының жеңімпазы Ізтөлеу Шолпан Диханқызы «Лого Пакет» бренді бойынша экологиялық таза қағаз пакеттер өндіру және оларға логотип басу қызметі бағытындағы кәсібін ресми түрде іске қосты.
Ашылу салтанатына аудан әкімі Қожықаев Қанат Шубайұлы қатысып, жас кәсіпкердің бастамасына сәттілік тілеп, өңіріміздегі жастардың бизнеске деген қызығушылығын арттыру мен қолдаудың маңызын атап өтті.
«Лого Пакет» жобасы – қоршаған ортаға зиян келтірмейтін, қайта өңдеуге болатын материалдардан жасалған орау өнімдерін ұсына отырып, жергілікті өндірісті қолдауға және өзін-өзі жұмыспен қамтуға бағытталған маңызды бастама.
Шолпан Диханқызы бастаған бұл кәсіп — қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ізгі ниетті іспен қатар, өңір экономикасына серпін беретін бастама. Алдағы уақытта «Лого Пакет» өз әлеуетін толықтай көрсетіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынына сенім мол.