01.06.2025 в 12:29

Қаланың инфрақұрылымын жаңарту: Сәтбаев қаласының жылу магистральдарын күрделі жөндеу

Қалада инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда №1 және №2 магистральдік жылу желілерін заманауи, полиуретанды оқшауланған (ППУ) құбырларға ауыстыру бойынша реконструкциялау басталды.

Жалпы ұзындығы 10,6 шақырымды құрайтын екі жоба іске асады. Қазіргі күні 1,6 шақырым желіде жұмыстар жүргізілуде.

Мердігер ұйымдар: «Сарыағаш-Аман» ЖШС және «АСТАНАИНЖКОМСТРОЙ» ЖШС. Жобаның жалпы соммасы 9,2 млрд теңге. 

Айта кетерлігі, бұл – жылу желілеріне соңғы 50 жыл ішінде жасалып отырған ең ауқымды және күрделі жөндеу.

Біз тұрғындарымыздың өмір сүру сапасын арттыруға бар күшімізді саламыз. Жылу жүйесін жаңғырту – осы мақсатқа жетудің маңызды бөлігі. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жоспарлы әрі тұрақты түрде жүргізілетін болады.Жылы әрі жарық үйлер – бұл тек жайлылықтың емес, болашаққа деген сенімнің, бір-бірімізге деген қамқорлық пен жауапкершіліктің көрінісі.