Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Ұлытаулық «Сарыарқа» газетінің бас редакторы, тәжірибелі журналист Жаннұр Тілемісова Қазақстан Республикасы Президентінің қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалін алды!
Бұл марапат – өңірлік журналистиканың дамуына сүбелі үлес қосып жүрген, елдің шынайы үнін жеткізуден еш таймай келе жатқан кәсіби қаламгер еңбегінің жоғары бағалануы.
Жаннұр Төлендіқызының ұлт мүддесін көздеген, оқырман санасын серпілткен әрбір материалы – елдік ойдың айнасы, уақыт шежіресі.
Ұлытау облысы әкімдігі Жаннұр Тілемісованы осы жоғары марапатымен шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс пен зор денсаулық тілейді!
#Ұлытау #Сарыарқа #БАҚкүні #ЕренЕңбегіҮшін #Журналистика #ҰлытауӘкімдігі