09.07.2025 в 09:37

Ұлытау облысында қайтарылған активтерге нысандар салынуда

Қазақстан Республикасының Президенті: «Заңсыз сатып алынған активтерді қайтару елдің әділдігі мен дамуына жасалған маңызды қадам» екенін атап өтті.

Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті мемлекетке қомақты қаражатты, оның ішінде шетелден де қайтарды.
 
Арнайы қордың арқасында Ұлытау облысына 4 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.

Бұл қаражат биыл пайдалануға берілуі жоспарланған 11 маңызды нысанның құрылысына бағытталады.