Қазіргі таңда Жезқазған қаласы аумағында 13
әлеуметтік маңызы бар бағыт қызмет көрсетеді, оның ішінде 6 маршрут – қалалық, ал 7 маршрут – қала маңындағы бағыттарға жатады.
Қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыру және тұрғындарды жайлы әрі қауіпсіз көлікпен
қамтамасыз ету мақсатында «Ulytau Bus» ЖШС тарапынан №3 және №8 қалалық маршруттарға қызмет көрсету үшін Yutong ZK6116HG маркалы 15 жаңа автобус сатып алынды.
Барлық автобустар Қарағанды облысы, Саран қаласындағы «QazTehna» ЖШС-нің өндірістік базасында құрастырылып, толық жеткізілді. Қазіргі уақытта көліктерді пайдалануға енгізу кезеңінде.
Аталған жұмыс «Ulytau Bus» ЖШС тасымалдаушы ұйымының 2025 жылға арналған көлік паркін жаңарту жоспары аясында іске асырылып отыр.
Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар алдағы жылдары да өз жалғасын тауып, қала тұрғындарына сапалы қоғамдық көлік қызметін көрсетуге мүмкіндік береді.