28.07.2025 в 15:54

Жезқазғанда көшелер мен аулаларды жарықтандыру жұмыстары жалғасуда

Жезқазған қаласында қоғамдық қауіпсіздікті арттыру және жайлы орта қалыптастыру мақсатында жарықтандыру жүйесін орнату жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Атап айтқанда, Жезқазған – Талап бағытындағы автокөлік жолында Жезқазған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі тарапынан 55 дана жарық бағаны орнатылды. Сонымен қатар, Теміржолшылар кешесінде жергілікті тұрғындардың сұранысына сәйкес қосымша 10 жарық бағаны қойылды.

Бұл жұмыстар қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, түнгі уақыттағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Жарықтандыру іс-шаралары мұнымен шектелмейді. 2025 жылдың тамыз айында Жезқазған қаласындағы аулаларды жарықтандыру жұмыстары қолға алынбақ.