30.07.2025 в 11:13

КӨШЕ ЖАРЫҒЫНЫҢ БАҒАНДАРЫН ОРНАТУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

Көше жарығының жаңа бағандарын орнату жұмыстары толық көлемде аяқталды. Жоба аясында 160 тірек орнату жоспарланған болатын – олардың барлығы белгіленген мерзімде іске қосылды.

Жаңа жарық бағандар бұрын  жарықтандырылмаған аймақтарда, сондай-ақ тұрғындардың өтініштері негізінде көрсетілген жерлерде орнатылды. Бұл жобаны іске асыру түнгі уақытта тұрғындардың қозғалыс қауіпсіздігі мен жайлылығын едәуір арттырады.

Жарықтандыру келесі көшелер мен аумақтарда орнатылды:

* Рыскұлов көшесі
* Горняцкая көшесі
* Абай көшесі (№ 37–45, 8–10, 16, 56–62 үйлер)
* Поликлиника ауданы
* «Апорт» дүкені ауданы (Сәтпаев даңғылы)
* Мәңгілік Ел көшесі (№ 19 және 21А үйлер)
* Бұлқышев көшесі
* Қалмағамбетов көшесі
* Бөпежанов және Құсайынов көшелерінің аулалары
* Ұлытау көшесі (№ 64–78 үйлер)
* ССК аумағы
* Тәуелсіздік даңғылы, 3
* ҰҚК ғимаратының алды
* № 1 және № 4 мектептердің аудандары