31.07.2025 в 11:13

Қаражалда «Тәуелсіздік» саябағы жаңғыруда: жайлы әрі заманауи демалыс орнына айналмақ

Қаражал қаласындағы «Тәуелсіздік» саябағында қайта құру және абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл бастама қала тұрғындары үшін қолайлы, қауіпсіз әрі эстетикалық жағынан тартымды қоғамдық кеңістік қалыптастыруға бағытталған.
Қазіргі уақытта келесі жұмыстар аяқталды:
▪ 2300 м² аумаққа тартан жабынды төселді – бұл саябаққа спортпен айналысуға және серуендеуге ыңғайлы жағдай жасайды;
▪ 800 м² бетон негізі құйылды;
▪ Ағаштарды кесу жұмыстары толық аяқталды;
▪ Саябақтың екінші бөлігіне жарықтандыру жүйесі орнатылды.
Қазіргі кезде шағын сәулет формаларын (МАФ) және шамдарды орнатуға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл элементтер саябақтың келбетін жандандырып, кешкі уақытта да жайлы демалуға мүмкіндік береді.
Жұмыс барысы арнайы тексеріліп, мердігер мекемелерге барлық міндеттемелерді уақытында орындау және анықталған ескертулерді жою жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Жаңартылған саябақ – қала тұрғындары үшін серуендеп, тынығатын сүйікті орынға айналмақ. Алдағы уақытта бұл аумақ тек демалыс аймағы ғана емес, қаланың көрнекті нысандарының біріне айналады деп күтілуде.