05.08.2025 в 11:03

Қаражал – Қылыш автожолының жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

Қаражал қаласынан Қылыш су қоймасына дейінгі бағыттағы автожолда жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Мердігер мекеме – «ЦДС» ЖШС. Қазіргі таңда негізгі құрылыс жұмыстары аяқталу сатысында тұр. Жолды толық пайдалануға беру алдағы күндері жоспарланып отыр.

Аталған жол Қаражал қаласының тұрғындары үшін стратегиялық маңызға ие, себебі ол демалыс пен балық аулау үшін жиі баратын Қылыш су қоймасына апаратын негізгі бағыттардың бірі.

Жолдың сапалы және уақытылы жөнделуі – тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы қозғалысын қамтамасыз етіп қана қоймай, өңірдің инфрақұрылымдық дамуына оң әсерін тигізеді.