2025 жылы Жезқазған қаласының әкімдігі қалаішілік жолдардың сапасын жақсарту мақсатында жалпы ұзындығы 18 шақырымды құрайтын 12 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл мақсатта барлық сметалық және техникалық құжаттамалар ведомстволық сараптамадан өткізіліп, оң қорытынды алған.
Жұмыстар мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуда, барлық мердігерлік келісімшарттар рәсімделіп, тиісті жұмыстар басталды.
Мердігерлер:
1. «АрмСтрой» ЖШС
Жөнделіп жатқан көшелер:
• Алашахан даңғылы (Бейбітшілік даңғылынан Байқоңыров көшесіне дейін)
• Бейбітшілік даңғылы (Ғарышкерлер бақ жолынан Деев көшесіне дейін)
• Момышұлы көшесі (Сейфуллин көшесінен Бейбітшілік даңғылына дейін)
• Шевченко көшесі (Аманжолов көшесінен Ғарышкерлер бақ жолына дейін)
• Жанасов көшесі (Ұлытау көшесінен Байқоңыров көшесіне дейін)
• Қарағанды көшесі (Байқоңыров көшесінен Ұлытау көшесіне дейін)
________________________________________
2. «Алмас Құрылыс Kazakhstan» ЖШС
Жөнделіп жатқан көшелер:
• Сәтбаев көшесі (Абай көшесінен айналма жолға дейін)
• Сарыарқа көшесі (Ұлытау көшесінен А-16-ға дейін)
• Ұлытау көшесі (Сәтбаев көшесінен Абай көшесіне дейін)
• Абай көшесі (Сарыарқа көшесінен айналма жолға дейін)
________________________________________
3. «Standart Energy» ЖШС
Жөнделіп жатқан көшелер:
• Желтоқсан көшесі (Абай көшесінен ЖЖЭО бағдаршамына дейін)
• Садовое кольцо көшесі (Желтоқсан көшесінен Холмецкий көшесіне дейін)
________________________________________
4. «Арша» СӨК» ЖШС
Жөнделген көшелер:
• Қабанбай батыр шағын ауданының орталық көшесі
• Строителей тұйық көшесі.
Жобаның маңыздылығы
Қала жолдарының жағдайын жақсарту – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты кепілі. Жезқазған қаласы әкімдігі жол жөндеу жұмыстарының сапалы әрі мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету үшін жүйелі түрде бақылау жүргізіп отыр.