20.09.2025 в 10:18

Шығыс Қазақстан облысы  – 2025 жылғы жинау науқаны: тұрақты өнім және аграршыларға қолдау

ШҚО-да 2025 жылғы егін жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 23 қыркүйектегі дерек бойынша, өңір диқандары дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың 200 мың гектарын жинап алды. Бұл – жалпы егіс алқабының 84 пайызы. Орташа өнімділік гектарынан 22 центнерді құрап отыр. Майлы дақылдар 25,9 мың гектарда (10%) жиналды, олардың өнімділігі – гектарына 19,2 центнер.

Биыл облыстағы жалпы егіс көлемі 616,9 мың гектарды қамтыды. Оның ең үлкен бөлігін майлы дақылдар алып жатыр – 42% немесе 259,5 мың гектар. Соның ішінде күнбағыс – 235,5 мың гектарға егілген. Дәнді дақылдардың үлесі – 38% (238 мың гектар), оның ішінде бидай – 162,8 мың гектар.

Аграрлар науқанға толықтай дайын. Күзгі дала жұмыстарына 9,3 мың трактор, 1,4 мың комбайн, 2,4 мың сепкіш және 4,4 мың топырақ өңдеу техникасы жұмылдырылды. Биыл қосымша 419 трактор мен 32 комбайн сатып алынды, олардың жалпы құны – 9,6 млрд теңге. Егін жинау үшін шаруашылықтарға литрі 254 теңгеден 22,9 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді.

Егінді сақтау ісіне де ерекше көңіл бөлінуде. Өңірдегі астық қоймаларының сыйымдылығы – 757,3 мың тонна. Бұған қоса, шамамен 250 мың тоннаға жуық көлемді ұн тарту және май өңдеу кәсіпорындары қамтамасыз етеді. Астық қабылдауға «ҚазахЗерноТрейд» ЖШС мен «Өскемен ұн комбинаты» барлығы алты кәсіпорын толық дайын.

Сондай-ақ шаруаларды қолдау жұмыстары жалғасуда. Қараша 2024-тен қыркүйек 2025-ке дейін «Кең дала 2» бағдарламасы аясында 75 шаруашылыққа 5,9 млрд теңге қаржы берілді. «Ертіс» ӘКК арқылы тағы 8,3 млрд теңгенің несиесі рәсімделді. Бұдан бөлек, биыл шаруаларға 10,4 млрд теңгеге 372 техника лизингке берілді. Егіншілікті субсидиялауға 6,1 млрд теңге бағытталды, оның 3,6 млрд теңгесі минералды тыңайтқыштардың құнын арзандатуға бөлінді.

Мамандардың болжамынша, ШҚО-дағы егін жинау жұмыстары оңтайлы мерзімде аяқталады.