Бүгін Жаңаарқа ауданында “Жаңаарқа пайдалану локомотив депосы” жаңа СКD6S тепловоздармен толықты. Салтанатты шараға аудан әкімі Қанат Қожықаев қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, лента қию рәсіміне қатысты.
🔸Іс-шара аясында ескі ТМ2 маркалы локомотивтердің орнына жаңа СКD6S тепловоздары пайдалануға берілді. Бұл — “ҚТЖ — Жүк тасымалы” ЖШС-нің жоспарлы жаңғырту жұмыстарының бір бөлігі. Ескі техникалар кезең-кезеңімен жаңартылып, өндірістік база заманауи құрал-жабдықтармен толықтырылуда.
📌Шара барысында теміржол саласының ардагерлеріне Алғыс хаттар табысталды.
🚂Жаңарған техника — өңірдегі теміржол инфрақұрылымын дамытуға және жүк тасымалының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.