13.02.2015 в 11:48

ДСҰ ЕАЭО-ның ықпал ету механизмдерін кеңейтеді – сарапшы

Дүниежүзілік сауда ұйымы аясында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің ықпал ету механизмдері кеңейеді. «Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» (ҚСЗИ) АҚ бас ғылымы қызметкері Дария Мұхамеджанова BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында осындай пікір білдірді.

«ДСҰ аясында ұйымға мүше елдер немесе бақылаушы ТМД елдерінің ұжымдық мүдделерін ұстану және ұстанымдарды шоғырландыру жолымен ЕАЭО-ның ықпал ету механизмдері кеңейеді. Жаңа басымдықтар негізгі ырықтандыру проблемаларын, КО/ЕАЭО мен ТМД сауда-экономикалық кеңістігін қорғау проблемаларын шешумен байланысты», - деді сарапшы.