09.04.2015 в 15:45

Еуразиялық сарапшылар желісінің отырысы өтті

Алматыда еуразиялық сарапшылар желісінің 9-отырысы өтті. Саясаттанушылар, Орталық Азияны зерттеуші мамандар бірігіп, жаһандық сынақтар мен қауіп-қатерлерге қарсы шаралар ойласып бақты. Олар мұнай бағасының құлдырауы, Украина, ИШИМ, Эбола, т.б. деп атап өтті модератор Болат Байқадамов.

ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Вячеслав Додонов мұнай, металлдардың бағасы құлдырауы Ресейге де, Қазақстанға ауыр тиіп отырғанын атап өтті.

– Сыртқы экономикалық жағдай біздің интеграциялық байланыстарымыз үшін ыңғайсыз болып отыр. Бұл сөзсіз макроэкономикалық интеграцияға кесірін тигізеді. Егер біз жаңа мүмкіндіктер тудырып, оны пайдалана алсақ, стратегиялық тұрғыда жақсы да болуы мүмкін.

МГИМО-ның әлемдік саяси процестер кафедрасының доценті Иван Сафранчук «Біз шеткері аймақ емеспіз, орталықпыз.Қытай Еуропа мен Таяу Шығысқа шыққысы келіп отыр. Бір жағынан ЕАЭО пен Жібек жолының экономикалық белдеуін біріктіріп, екіжақты тиімді жобалар жасауға болады» деді.

Беларусь стратегиялық және сыртқы саясат зерттеулер орталығының директоры Арсений Сивицкий Ресейдегі экономикалық жағдай қарым-қатынастарда жаңа кедергілерді шығарғанын айтып салды. «Естеріңізде ме, былтырғы жылдың соңында Минск-Мәскеу-Астана арасында сауда соғысы жүрді» деді ол. Оның айтуынша, еуразиялық интеграция дегеніміз – тауар, қызмет көрсету, капитал және жұмыс күштерінің алдындағы кедергілерді жою.

Координатор проектов по внешней политике Института мировой экономики и политики при Фонде Первого Президента Республики Казахстан Аскар Нурша заметил, что Россия отходит от принципов евразийской интеграции. Фактически, по его словам, Казахстану и Беларуси предложена другая модель.

ҚР Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы әлемдік экономика және саясат институтының сыртқы саясат бойынша жобаларды ұйымдастырушы Асқар Нұрша Ресей еуразиялық интеграциядан алшақтап кеткенін, Қазақстан мен Беларусь мүлде басқа модель ұсынғанын тілге тиек етті. "Орыс әлемі" идеясының жетегімен Қырымды тартып алған Ресей Батыстың экономикалық қысымымен әуре болып, Еуразиялық идеядан да Орталық Азия елдерінен де алыстай береді деп есептейді, сарапшы.

Жарқын Түсіпбекұлы