17.04.2015 в 14:19

Партиялар үшін үлкен мүмкіндік еді...

Саяси партиялардың қызметі мемлекет пен азаматтық қоғам арасын байланыстырғанда, сайлаулар кезінде үміткер ұсынуда, орталық билік үшін күрес кезінде көрінеді.

 

26-сәуірде болатын президенттік сайлауға «Нұр Отан» мен ҚХКП ғана үміткер шығарды.

«Ақ жол», Ауыл, Бірлік, Патриоттар партиясы, ЖСДП өз үміткерлерін ұсынбады. Аталған партиялардың ішінде ЖСДП-дан басқаларының бәрі «Нұр Отанның» үміткері Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдап шықты.

26-сәуірде өтетін президенттік сайлау сарапшылар болжап отырған келесі жылғы парламент сайлауына үлкен дайындық. 2016 жылғы сайлауда сайлауалды күрестің негізгі фигуралары дәл осы саяси партиялардың өзі болады. Парламенттік сайлаудың қызықты жері сол, саяси аренаға мүлде жаңа саясаткерлерді шығарады. Депутаттық мандат үшін де күрес оңай жүрмейді.

Республикалық мінберді пайдалануға саяси партиялар асығып отырған жоқ. Мысалы оппозиция өзінің бір үміткерін шығаруы керек еді. Халықпен тығыз араласатын сайлау науқаны кезінде электорат та оппозицияда кімдердің жүргенін байқап, есіне түсірер еді.

Бұл тұрғыда халықтық коммунистер жақсы жұмыс істеп отыр. 2011 жылғы сайлауда Жамбыл Ахметбековті шығарса, биылғы додаға Тұрғын Сыздықовты қосып отыр. Олар жеңіске жетпейтінін жақсы біліп отыр. Бір имидждік жұмыстар олар үшін үлкен тәжірибе болып қана қоймай, жаңа саясаткерлер шығарып отыр.

Юрий Булуктаев, саясаттанушы