23.05.2014 в 14:25

Украина: сайлау байлам бола ала ма?

Украина. Бұл бүгінде бір ғана мемлекеттің атауы емес. Мағынасы кең.

«Еуромайдан» ел тарихынан орын алатыны анық. Алайда ол Турчиновтар тұрғысынан жазыла ма, әлде Аймақтардың айтқанындай болып қашала ма ол жағы әлі белгісіз... Себебі қырғи-қабақ соғысы кезіндегі бөліп алып билей беретін державалардың ойыны қайта қылаң берді. Біртұтас мемлекеттің шат-шәлекейі шықты. Ядролық қарудан өз еркімен (кепілдік арқылы) бас тартқан мемлекеттерді жалпақ тілмен айтқанда державалардың талауына түсірмейді деген Будапешт келісімі сын сағатта сақталмай қалды. Заң жүзінде әлемдік саясаттың инспекторы есептелетін БҰҰ-ның жағдайын өткен мақаламыздың бірінде жаздық. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы да қауқарсыз... Бұл туралы Астанада өткен дүниежүзілік дағдарысқа қарсы ІІ форумда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та өз ойын ашық білдірді. «Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ОБСЕ) Украинадағы жанжалды реттеуге қабілетсіз болып отырғаны бізді алаңдатпай қоймайды. Оған 2010 жылы Астанада өткен тарихи саммитте көтерілген ұйымды реформалау жөніндегі бастамаға ЕҚЫҰ басшылығының жігерсіздігі себеп болып отыр» деді Президент. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан әсіресе алдыңғы қатарлы державалардың жаһандық ядролық қауіпсіздік мәселесі жөніндегі өзара диалогтың тоқтап қалу мүмкіндігіне алаңдайды.

Украинадағы тұрақсыздық Киевке ғана қиын тиіп отырған жоқ. Бірқатар мемлекеттерге ықпалы болды. Ол жағдайды реттеудің жалғыз жолы жексенбі күні өтетін Украинадағы кезекті президент сайлауы. Осы ретте біз еліміздегі бірқатар сарапшының пікірін білген едік. Нақты сұрағымыз: Украинадағы кезекті президент сайлауы елдегі жағдайларды тұрақтандырып, хаосты реттеуге ықпалы бола ма?

 Мұхтар Сеңгірбай, саяси ғылымнан PhD докторы, ҚазҰУ-дың саяси зерттеулер ақпараттық орталығының директоры:

– Президент сайлауы бірқалыпты өтіп, жаңа президент сайланған соң биліктің легитимділігі артады. Барлығы жеңімпаз кандидаттың алған дауыс санына, екінші орын алған кандидаттың пайым-парасатына, жағдайдың

Мақсат Жақауов, «АҚ ЖОЛ» ҚДП төрағасының кеңесшісі, саясаттанушы

– Қазір Украинаның батысы мен орталық бөлігіндегі украиндықтарда бір ғана үміт бар, бұл жаңа саяси фазаға, бағыт-бағдарларға аяқ басу – тек жаңа билікті сайлау арқылы. Көпдеген сарапшылардың пікірінше, алдымен экономикалық жаңа жоспарларды жасақтау үшін биліктің орталықссыздандыру арқылы, яғни биліктің кейбір міндеттерін бөлу қажеттілігімен байланыстырады. Бұл үрдіс меніңше, батыстың пиғылынан туындап отыр, бұл да керек. Себебі, саяси-экономикалық дағдарыстан шығу амалдарында өзін ақтайтын қадамның бірі. Саяси қарсылықтарға қатысқандарға амнистия жариялаудан бастап, азаматтық референдумдар мен митингілерді реттейтін заңнамалық актілермен жалғасын табатын өзгерістер, жеңіл терапиядағы экономикалық жандану саясатына апарады. Мұнда ең алдымен гривнаның волюталық деңгейін тұрақтандыру, бұл сөзсіз саяси оқиғаларға байланысты болып тұр. Екіншіден, батыстан келіп үлгерген 100 000 000 евроның траншын тұрақты жалғастыру. Бірақ Еуропаның несиесі жалпы оң әсерінің ықпалы әлсіз болғанымен, саяси тұрақтандыру арқылы шетелдік инвестицияларды тартуға жағдай туғызуы тиіс. Әрі қарай инфрақұрылымдық жобаларға, әсіресе энергетикалық сектордың модернизациялануына бағытталынса, украиндық шикізат және жеңіл өнеркәсібіне жан бітірген жөн. Әрине, осы уақытқа дейін бюджетінің қарызы мен дефициті шаш-етектен, бұған да көңіл бөлінеді. Жалпы осы күндері Украина билігі декларативтіліктен іске көшетін жағдайда тұр. Тағы бір мәселе, саяси консенсустық диалогты Ресеймен жандандыру қажет. Бұл жерде халықтар мүддесі, құндылықтардың мызғымастығы, ортақ гесаяси алаңның ережелерін жасақтауда салмақты сарабдал шешімдерге жету болу қажет.

Айнұр Жұмаділова