Түркістан облысында Мемлекет басшысының ауыл инфрақұрылымын жақсартуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған тапсырмалары дәйекті түрде жүзеге асырылуда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің бақылауымен өңірде әлеуметтік саланы дамыту, инженерлік желілерді жаңғырту және тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін жағдай жасау жұмыстары жүргізілуде. Әсіресе, денсаулық сақтау саласына ерекше назар аударылуда, өйткені медициналық қызметтердің қолжетімділігі халықтың әл-ауқатына, әсіресе ауылдық жерлерде тікелей әсер етеді.
Бұл бағыттағы елеулі өзгерістер Созақ ауданында орын алды. Желтоқсан айында мұнда инженерлік, әлеуметтік, спорттық және инфрақұрылымдық салаларды қамтитын 18 жаңа нысан пайдалануға берілді. Бұл ретте, 11 нысан бір тәулік ішінде ашылып, ауданды дамыту тарихындағы маңызды оқиғалардың біріне айналды. Аталмыш жобаларды жүзеге асыру халықтың өмір сүру сапасын көтеруге және ауылдық елді мекендердің тұрғындары үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.
Атқарылған жұмыстың маңызды бағыттарының бірі – алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамыту. Аққолтық елді мекені мен Шу ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттер ашылды. Бұл нысандардың ауыл тұрғындары үшін маңызы зор, өйткені олар әр жолы аудан орталығына бармай-ақ, тұрғылықты жері бойынша тікелей алғашқы медициналық көмек алуға мүмкіндік береді.
Фельдшерлік-акушерлік пункттер денсаулық сақтау жүйесінде маңызды рөл атқарады. Тұрғындар денсаулығы сыр берген алғашқы сәтте, медицина қызметкерлерінен кеңес алу, бастапқы тексеруден өту және алдын алу іс-шараларын жүргізу үшін дәл осы жерге жүгінеді. Сонымен қатар, мұндай мекемелердің жұмысы балалардың денсауағын бақылауда, жүкті әйелдерге көмек көрсетуде, сондай-ақ қарт азаматтар мен созылмалы аурулары бар адамдарды қолдауда үлкен маңызға ие.
Ауылдық жерлерде жаңа медициналық нысандардың ашылуы медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға және алғашқы көмек көрсету жүйесін нығайтуға ықпал етеді. Шалғайдағы елді мекендердің тұрғындары үшін медициналық мекеменің жақын орналасуы өте маңызды: мамандарға уақтылы қаралу науқастың жағдайын тезірек бағалауға, қосымша тексеруден өту қажеттілігін анықтауға және көрсеткіштер болған жағдайда бейінді медициналық ұйымдарға жолдама ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Созақ ауданында денсаулық сақтауды дамыту халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту жөніндегі басқа да шаралармен кешенді түрде жүзеге асырылуда. Мәселен, Қаратау ауылында, сондай-ақ Созақ ауылында және оның Шақырық бөлігінде сумен жабдықтау жүйелері жаңартылды. Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – денсаулықты сақтаудың және аурудын алдын алудың негізгі факторларының бірі. Сенімді сумен жабдықтау тұрмыста санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау және қолайлы өмір сүру ортасын қолдау үшін ерекше маңызға ие.
Әлеуметтік инфрақұрылымның маңызды толықтыруы ретінде Құмкент ауылында «Белсенді ұзақ өмір сүру және тең қоғам» орталығы ашылды. Мекеме зейнеткерлік жастағы азаматтар мен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қызмет көрсетуге арналған. Орталық бір мезгілде 30 адамға дейін қабылдауға шақталған, ал 10 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. Мұндай мекемелер әлеуметтік бейімделуге, қарым-қатынас жасауға, бос уақытты ұйымдастыруға және белсенді өмір салтын қолдауға қосымша мүмкіндіктер туғызады.
Медициналық және әлеуметтік инфрақұрылыммен қатар ауданда спорт саласы да дамып келеді. Құмкент, Жартытөбе, Жуантөбе, Шу және Тасты ауылдарында жабық шағын футбол алаңдары пайдалануға берілді. Сондай-ақ Созақ ауылында жалпы аумағы 1,5 гектар болатын, футбол, волейбол және баскетбол алаңдары, бокс пен күрес залдары, тренажер залы және медициналық кабинетті қамтитын заманауи екі қабатты спорт кешені ашылды. Тұрақты түрде дене шынықтырумен айналысуға жағдай жасау балалар, жастар және ересек халық арасында салауатты әдеттерді қалыптастыруға ықпал етеді.