ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҚАЗЫҒҰРТТА ЖАҢА ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША ШЕТЕЛДІК ИНВНСТОРМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ

03.07.2026, 11:53
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҚАЗЫҒҰРТТА ЖАҢА ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША ШЕТЕЛДІК ИНВНСТОРМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ

Әлемдік бизнес-қоғамдастық үшін мемлекеттің бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеу үшін саяси, экономикалық факторлардан бөлек, елдің инвестициялық әл-ауқатының тартымдылығын мемлекеттік деңгейде арттыру қажет. Бүгінде Қазақстан өзін әлеуетті инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мемлекет ретінде танытып келеді. Мемлекет брендінің әлемдік аренадағы танылу деңгейі – сол елдің экономикалық процестерге интеграциялануына байланысты. Осы тұста негізгі маңызға әлеуметтік және саяси тұрақтылық, инвестициялық климат, транзиттік әлеует ие екенін ерекше атап өту қажет. Соңғы жылдары елімізге тартылған инвестиция көлемі айтарлықтай көңіл көншітеді. Соның ішінде Түркістан облысына қарасты тартылған шетелдік инвестиция көлемі жыл санап артуда.

         Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров SP ООО «ZHONGTIAN CHEMICAL» компаниясының өкілдерімен кездесті.

          Басқосуда Қазығұрт ауданында инвестициялық жобаны жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Кездесу барысында компания өкілдері өңірде іске асыру жоспарланып отырған жобаның негізгі бағыттары мен күтілетін нәтижелерін таныстырды.

            Сондай-ақ өндіріс орнын орналастыру, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, жер телімін анықтау және инвестициялық ахуалға қатысты мәселелер қаралды. Облыс әкімі Түркістан өңірінде инвестиция тарту жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатқанын атап өтіп, өндіріс орындарын ашу мен жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған бастамаларға қолдау көрсетілетінін жеткізді.

          Кездесу қорытындысында инвесторларға өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылып, жобаны жүзеге асыру бойынша нақты ұсыныстар мен жоспарлар қаралды. Жоба жан-жақты зерделенетін болды. Айта кетейік, биыл Түркістан облысына 5 айда 614,2 млрд теңге инвестиция бағытталып, өсім 150,5%-ды құрады. Облыста 2026-2029 жылдар аралығында жүзеге асырылатын, 17820 жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 122 инвестициялық жобаның пулы қалыптастырылды. Оның ішінде, шетелдік капиталдың қатысуымен 608,9 млрд теңгеге 30 инвестициялық жобаны іске асыру көзделіп отыр. Нәтижесінде 7 799 жұмыс орны құрылады.

           Мемлекет басшысы инвестицияларды ынталандыру ұлттық басымдықтардың бірі екенін ұдайы айтып жүр. Тәуелсіздік жылдары елімізге тартылған инвестиция көлемі 400 миллиард доллардан асады. Соңғы жылдары шетелден 28 миллиард долларды құрайтын инвес­­тиция кірді. Бұл – кейінгі 10 жыл ішіндегі рекорд. Ел экономи­касына әлемнің ірі инвесторларын тарту мүмкіндігіміз мол. Мемлекет басшысының АҚШ пен Германияға ресми сапарынан кейін IT, медицина, көлік және метал­лургия салаларындағы ірі әлем­дік компаниялар қазақ­стан­­дық нарыққа келуге ынталы екен­­діктерін көрсетті. Себебі бізде энергетика, табиғи ресурс­тар, ауыл шаруашылығы мен көлік-логистикалық жүйелердің ­әле­уе­ті мол.

         Елімізге тартылған инвести­циялар экономикамызға тамыр жаюы үшін бар мүмкіндікті жасауымыз қажет. Сол себеп­ті, мемлекеттік органдар инвес­ти­циялық қызметті қолдауға ба­рынша атсалысуға тиіс. Бұл бағытта жасалған нақты және аса маңызды қадам ретінде Мем­ле­кет басшысының «Ел экономикасына инвестициялар тарту жөнін­дегі жұмыстың тиімділігін арт­тыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын атап өтуге болады. Себебі құжат тез шешім қабыл­дау­дың жаңа жүйесін енгізді.

         Инвестициялық жоба­лар­ды сүйемелдеудің бас­ты­ мақ­са­ты – оларды іске асы­ру­дың бар­лық сатысында инвес­тор­­лар­ға құқықтық қолдау көр­се­ту және қорғау. Оның да бір­қа­тар сатысы бар. Мысалы, объек­тінің құрылысын бастау үшін мемлекеттік сараптама, сәу­лет, экологиялық бақылау және басқаларын қоса алғанда, түр­лі­ инстанциядан 60-тан астам рұқ­сат талап етіледі.

           Жарлық негізінде инвес­ти­­циялық штабтың жұмысы қайта құрылды. Ендігі жерде штаб қабылдаған шешімдер мем­лекеттік органдар мен ұлттық компаниялар үшін міндетті болып саналады. Бұл инвестициялық ортаны жақсартуды едәуір жедел­де­теді.