Түркістан маңында отандық өндірісті дамыту және қайта өңдеуді қолдау мақсатында 100 гектар аумақта «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы іске асырылуда. Жоба аясында 152 ғимарат салып, 6 040 жұмыс орнын құру жоспарланған. Жобаның І кезеңінде 40 ғимарат салынып, 32 жоба қосылды. 1 220 жұмыс орны ашылды. Нәтижесінде бюджеттің 1 теңгесіне 8,5 теңге жеке инвестиция тартылған.
Ордабасы ауданында өндірістік әлеуетті арттыру, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар жүйелі жалғасуда. Осы мақсатта аудан орталығында құрылған «Темірлан» өндірістік паркі өңірдегі шағын және орта өндірістерді дамытуға арналған маңызды өндірістік алаңға айналып келеді. Жалпы аумағы 10 гектарды құрайтын өндірістік парктің бірінші кезеңінде әрқайсысының көлемі 480 шаршы метр болатын 5 өндірістік ангар салынып, пайдалануға берілді. Жалпы өндірістік алаңы 2400 шаршы метрді құрайды. Бүгінде парк аумағында жалпы инвестициялық құны 1,6 млрд теңгені құрайтын 5 кіші қуатты өндірістік жоба жүзеге асырылуда. Аталған жобалар аясында 48 жаңа жұмыс орны құрылады.
Өндірістік парк қажетті инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтылған. Электрмен жабдықтау бойынша 320 кВт қуатқа техникалық шарт алынып, электр желілері жүргізілген. Өнімділігі сағатына 50 текше метр болатын ұңғыма қазылып, ауыз су жүйесі тартылған. Сонымен қатар, паркке дейін 2,8 шақырым асфальт жол салынған. Ал өткізу қабілеті сағатына 1540 текше метр болатын жоғары қысымды газ құбырының жобасы мемлекеттік сараптамадан өтуде.
Өндірістік парктте «Ayala» ЖШС сұйық және ұнтақ кір жуғыш заттар өндірісін іске қосқан. «ALMEN GROUP» ЖШС ұнтақ кір жуғыш заттарды өндіру және қаптау жұмыстарын жүргізуде. «Биляль-Халид» ЖШС гидропоника әдісімен өнім өсіру, түйіршіктелген жем өндіру және көкөніс өнімдерін консервілеу бағытында жұмысын бастады. Ал «ҚАРАБАТЫР АГРО» ЖШС металл бұйымдарын өндіру және «FACADE COMPANY» ЖШС шыны өнімдерін шығару бойынша өндірістік желілерде іске қосу-баптау жұмыстарына дайындық жүргізуде.
«Темірлан» өндірістік паркінде жүзеге асырылып жатқан жобалар ауданның өндірістік әлеуетін арттырып, инвестициялық белсенділікті күшейтуге, жаңа жұмыс орындарын құруға және өңір экономикасының тұрақты дамуына серпін беруде.
Өндірістік парк аумағында жиһаз, жаңбырлатып суғару, сусын, мұздатқыш және құрылыс заттарын шығаратын зауыттар ашылды. Отандық өндірісті дамыту есебінен 27 млрд. теңгеге импорттық тауарларды алмастыруға қол жеткізді. Алдағы уақытта бейнекамера, медициналық жиhаз, тұрмыстық химиялық бұйымдармен елімізді қамтамасыз етуге және экспортқа шығаруға мүмкіндік болады. Шағын өндірістік алаңдарды дамыту үшін жергілікті кәсіпкерлер белсенді атсалысуда. Біздің әрбір аудан мен қалада, халық тығыз орналасқан ауыл округтерінде өндірістік алаңдар құрылып, кәсіпорындар мен зауыттар ашылады.
Осы жұмыстар нәтижесінде Сауран ауданында жеке инвестиция есебінен 55 гектар аумақта 5 шағын өндірістік алаң құрылды. Мұнда 30 млрд. теңгеге 115 жобаны іске асырып, 1 124 жұмыс орнын құру жоспарланған. Бүгінгі таңда «Қарашық», «Иассы», «Шорнақ», «Үшқайық» және «Жүйнек» өндірістік алаңдарында 37 ғимараттың құрылысы жүргізілуде. Ордабасы ауданында аумағы 10,5 гектар болатын «Темірлан» өндірістік алаңында 5 ғимарат салыну үстінде. Инвестиция көлемі – 10,4 млрд. теңге. 100 жұмыс орны құрылады. Жобаның мультипликативтік тиімділігін ескере отырып, барлық аудандарда осы тәжірибені ендіру жұмыстары басталып кетті.
Жалпы, облыс бойынша жалпы 21 шағын өндірістік алаңдары құрылған. Негізгі бағыттар ретінде: құрылыс материалдары, жиһаз, пластик және резеңке, химия өнімдері өндірістері мен жеңіл өнеркәсіп айқындалды. Бүгінгі таңда, 192 ғимараттың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Келесі жылы аяқтап, іске қосуды көзделген.