ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: СҮТ ӨНІМДЕРІ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНЕ ЭКСПОРТТАЛАДЫ

17.08.2026, 01:09
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: СҮТ ӨНІМДЕРІ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНЕ ЭКСПОРТТАЛАДЫ

        Өңірде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отандық өндірісті қолдау және сапалы өнім өндіру бағытында жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде кәсіпорындар ішкі нарықты қамтамасыз етіп қана қоймай, сыртқы нарыққа шығуға да бет бұрды. Жалпы, ауыл шаруашылығы өнім­дері, оның ішінде сүт өңдеу саласы мемлекет тарапынан қолдауға ие. Яғни сүт өнімдерін өндіретін, сапалы отан­дық өнім ұсына алатын кәсіпорындар қатары артып келеді.

        Солардың бірі – «Milkart» сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорын. Түркиядан жеткізілген заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған өндіріс орны өз жұмысын 2024 жылы бастаған. Бүгінде мұнда тәулігіне ондаған тонна сүт өңделіп, табиғи шикізаттан 48 түрлі өнім өндіріледі. Оның қатарында сүт, айран, қаймақ, сүзбе, сарымай және басқа да сүт өнімдері бар.

       Кәсіпорын қазіргі таңда Түркістан және Кентау қалаларының тұрғындарын сапалы өніммен қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар өнімдер Түркістан қаласындағы әлеуметтік дүкендерге, сауда желілеріндегі әлеуметтік бұрыштарға тұрақты жеткізіліп, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде де қолжетімді бағамен ұсынылады. Кәсіпорын өндіріс көлемін кезең-кезеңімен ұлғайтып, жаңа нарықтарды игеруді көздеп отыр. Жоспарға сәйкес, алдағы уақытта өндірістік қуат төрт есеге дейін арттырылып, жаңа технологиялар енгізіледі. Бұл өз кезегінде өнімді Өзбекстан, Қырғызстан секілді Орталық Азия елдеріне, сондай-ақ Қытай нарығына экспорттауға мүмкіндік береді. Экспорт көлемінің артуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына және өңірдің өндірістік әлеуетінің нығаюына оң әсер етеді.

         Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында кәсіпорын «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ арқылы жеңілдетілген несие алып, мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдаланып келеді. Осы бағдарламаның аясында кәсіпорын тұрғындарды әлеуметтік маңызы бар сүт өнімдерімен белгіленген бағамен тұрақты қамтамасыз етуде. Бүгінде өндіріс орнында 13 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Оның сегізі өндірістік цехта еңбек етсе, бес қызметкер дайын өнімді сауда орындарына жеткізу жұмыстарын атқарады.

        Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау шаралары жергілікті кәсіпкерлерге өндірісті кеңейтіп, экспорттық бағытты дамытуға және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік беріп отыр. Соның нәтижесінде Түркістанда өндірілген табиғи сүт өнімдері алдағы уақытта халықаралық нарыққа шығып, «Қазақстанда жасалған» өнімнің танымал болуына өз үлесін қоспақ. Кәсіпорын ел нарығында өзіндік беделге ие. Ірімшік өнімдерін дайындау саласында озық техникаларды пайдалана отырып, әлемдік стандартқа сай келетін жоғары сапалы өнім дайындау­ды мақсат еткен компания.

         Сүт — сусын ретінде де, тамақ ретінде де қолданылатын бірден-бір өнім. Ол Еуропаның көп бөлігінде мұнайдан да қымбат. 100 мл сүттің құрамында: 87 грамм су, 4.8 грамм қант, 0.1-3.8 грамм май, 3.4 грамм ақуыз, 120 милиграмм кальций, 12 милилитр магний, 3,3 мкг. йод, 32 мкг. А витамині, 0.18 мкг. В витамині және 0.4 мкг. В12 витамині бар. Сүтті энергия беретін сусын ретінде де қолданады. Әсіресе спортшылар жарыс кезінде көп пайдаланады. Халықаралық сүт мейрамы 1 маусым күні атап өтіледі.