Түлкібаста 50 гектар бидай алқабында астық жинау науқаны қарқынды жүргізілуде. Түлкібас ауданы – ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған өңірлердің бірі. Ауданның жалпы жер көлемі 227,5 мың гектарды құрайды. Оның ішінде 64 900 гектары – айдалмалы егістік жер.
Биыл аудан бойынша 14280 гектарға күздік бидай, 1400 гектарға жаздық бидай, 6800 гектарға арпа, 10900 гектарға мақсары, 1 500 гектарға көкөніс, 1200 гектарға картоп және 28500 гектарға жоңышқа орналастырылды. Қазіргі таңда ауданда арпа ору науқаны толық аяқталып, бидай орағы қарқынды жалғасуда.
Бүгінде бидай алқаптарының шамамен 70 пайызы орылып, диқандар өнімді ысырапсыз жинауға күш салуда. Табиғи-климаттық ерекшеліктерге байланысты Түлкібас ауданында егін орағы облыстың оңтүстік аудандарына қарағанда біршама кеш басталғанымен, науқан жоспарға сәйкес жүргізіліп келеді.
Осы тұста аудан әкімі Асқар Естібаев Састөбе кентіне жұмыс сапары барысында өңірдегі егін орағының барысымен танысу мақсатында «ОЕ» ЖШС-не арнайы барды. Қазіргі таңда шаруашылықтың 50 гектар бидай алқабында орақ жұмыстары қызу жүргізілуде. Егін жинау науқанына үш заманауи комбайн жұмылдырылған. Шаруашылықтың техника паркі толықтай өз қаражаты есебінен жасақталған. Пайдаланылып жатқан жоғары өнімді комбайндар Канадада өндіріліп, Ресей арқылы сатып алынған.
«ОЕ» ЖШС-де биылғы бидай орағы 20 шілдеде басталған. Жұмыстар белгіленген кестеге сай атқарылып жатыр. Шаруашылық жыл сайын әр гектардан орта есеппен 15–16 центнер өнім алады. Жиналған астықтың негізгі бөлігі өңірдегі диірмендерге өткізілсе, бір бөлігі келесі жылғы егіс жұмыстарына тұқым ретінде сақталады. Сапар барысында аудан басшысы шаруашылықтың жұмыс қарқынымен танысып, диқандардың еңбегіне оң бағасын берді. Сонымен қатар егін орағын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтаудың маңыздылығына тоқталып, жауапты сала мамандары мен шаруашылық басшыларына науқанды жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды.
Егін науқанындағы тағы бір маңызды мәселе – тыңайтқыш. Ауыл шаруашылығының жоспары бойынша 1,5 млн тонна болса, 1,2 млн тонна тыңайтқыш жөнелтілген. Бұл жоспардың 78% құрайды. Көрсеткіш бойынша, Ақмола және Түркістан облыстарын қоса алғанда, бюджетке қаражат аударған немесе қайтарған артта қалған облыстардың қатарында. Министр бұл қаражатты басқа мақсаттарға пайдалануға болмайтынын көрсетіп, минералды тыңайтқыштарды жөнелту жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды.
Былтырғы деректерге сүйенсек, Орталық Азия елдеріне 457 мың тонна, Қытайға — 187 мың тонна астық, тағы 140 мың тонна астық Ақтау порты арқылы Иранға экспортталды. Қазан айында 1,3 млн тонна астық жүктерін тасымалдау жоспарлануда. Жалпы, биылғы жылдың 9 айында 6,6 млн тонна астық тасымалданды, оның ішінде экспортқа — 5 млн тонна. Тасымалдауды және өзара іс-қимылды талқылау үшін компания өкілдері өңірлерде фермерлермен, астық нарығына қатысушылармен, элеваторлардың иелерімен кездесулер өткізді.
Бұрынғы жүргізілген зерттеулер ауыспалы егісте осы дақылдарды тыңайтқыш енгізілген таза ықтырмалы пар алғы дақылында ұзақ жылдар бойы өсіру жақсы нәтижелерін көрсетті. Алайда осы алғы дақылды (ықтырмалы парды) дайындау үшін 21 ай уақыт кетеді, ал өсірілген күздік қара бидай және күздік бидай дақылдардың өнімін жинау үшін қосымша тағыда 3-4 ай уақытты қажет етеді. Сонымен осы аталған дақылдарды өсіру үшін 2 жыл уақыт кетеді. Біздің астық өндірісін өндіретін шаруашылықтарға бұл тиімсіз алқаптар тиімді пайдаланылмайды және екі жыл уақыт күтуге тура келеді. Нарықтық экономика жағдайында фермерлер астық, көк балауса, пішен және т.б. өсімдік өнімін алуы қажет және финанстық таза пайда табуы керек. Бұдан басқа көктемгі ауа райының ерешелігене қарай ықтырмалы парда сирек болса су эрозиясы жүреді және жыл сайын жел эрозиясы болып тұрады.