Алдымен, «Kazakhstan Logistics Group» ЖШС-нің 300 гектарға тамшылатып суару технологиясымен егілген қарқынды бауымен танысқан журналистер мұндағы жайқалған алма бағы мен жүзімдікті тамашалады. Көшеттер егілген жылдан бастап-ақ, жемісін бере бастаған ағаштар толықтай өсіп, өнгенде жылына 10 мың тонна алма, 500 тонна жүзім береді деп күтілуде.
Мұнан соң, БАҚ өкілдері ауданның Бадам ауылындағы «Ордабасы нан» ЖШС-нің автоматтандырылған жаңа технологиялы диірменін көрді. 2008 жылы іске қосылған өндіріс орны таяуда қуаттылықты 2 есеге ұлғайту үшін «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы несие алып, автоматтандырылған жаңа технологиялы қондырғылар орнату арқылы тәулігіне 250 тонна ұн шығарып отыр. Жергілікті сұранысты толықтай қамтамасыз етіп отырған серіктестік өнімнің 85 пайызын Өзбекстан мен Ауғанстанға экспорттайды. Отандық кәсіпорын таяуда өнімін көршілес Қытай еліне сатуды жоспарлап отыр.
Отандық өндірісті қолдау мақсатында ұйымдастырылған пресс-турдың кезекті нысаны «Агро-V» ЖШ
Сапар соңында тілшілер қауымы осы ауылдағы жергілікті кәсіпкер салған спорт кешенінің жұмысымен танысты. Спорттың бокс, дзюдо сынды түрлерімен айналысуға және салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік беретін ғимарат Бадам ауылында әзірге жалғыз болып тұр. Бұқаралық спортты дамытып, жастарды жаман қылықтардан алыстатуға септігін тигізетін спорт кешеніне жергілікті 100-ден астам спортшы қатысады екен.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі