Қазіргі таңда шымкенттік тұрғын жазғы суйретпе, спорттық аяқ киім, туфли шығаратын шағын цехтың жұмысын дөңгелетіп отыр. Қазір ол ашқан цехта 12 адам жұмыс істейді. Олар 35-тен 45-ші өлшемге дейін 12 түрлі аяқ киім шығарады. Тауар таза былғарыдан тігіледі.
1990-жылдардан бастап аяқ киім шығаратын шағын цех ашқан Артық Мараимов сол кездегі қаржылық дағдарысқа төтеп бере алмай кәсіпорны жабылып қалған. Қазіргі таңда қаржылық қолдауға ие болған кәсіпкер төрт ай ішінде шағын цехта шығарылатын бұл тауарларын Оңтүстік халқына танытып үлгертті. Ай сайын цехта 200-ге жуық өнім өндіріледі. Ең бастысы, аяқ киімдердің бағасы қолжетімді. Алдағы айларда цех басшылығы шымкенттік аяқ киімдерді Қазақстанның басқа да өңірлеріне шығаруды жоспарлап отыр.