Шымкентте «Ontustik Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумы басталды.
Форумның алғашқы күні облыстық «Көрме» орталығында жергілікті тауар өндірушілердің көрмесі өтуде.
Онда Шымқалада орналасқан «Бал Текстиль», «Кирал достык» бастаған 60-тан астам кәсіпорынның
өнімдері ел іші-сырты қонақтарының назарына ұсынылды.
Осы уақыт ішінде Шымкент қаласындағы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарға
ақпараттық тур ұйымдастырып, бизнес көшбасшыларының шебер-класстары өтеді.