- Бiз Оңтүстік облыстың, оның орталығы Шымкент қаласының экономикасын зерттеп, бiрнеше сала бойынша ынтымақтастық ұсыныстарын әзiрледiк. Оның iшiнде машина жасау саласы да бар, себебi Беларусьте бұл сала жақсы дамыған және бюджеттi толықтырудың негiзгi көзi болып отыр, - дедi А. Ничкасов.
Өз кезегінде қала әкімінің орынбасары Шымкентте муниципалды автопарк ашу жобасы жөнінде өз ойын ортаға салды. Әрі шаһарда Беларусь елінің жаңа технологиямен жабдықталған қоғамдық көліктеріне деген қызығушылық бар екендігін жеткізді.