Шымкент қаласының ондаған кәсіпорындары 2 мыңнан астам бос жұмыс орындарын ұсынды. Бұдан бөлек, еліміздің солтүстік облыстарына мемлекеттік «Серпін» бағдарламасы шеңберінде 665 орын ұсынылды,-деп жазады shymkent.gov.kz.
Шараға облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова қатысты. Өз сөзінде олар облыста бірнеше мемлекеттік бағдарлама шеңберінде мыңдаған азаматтар тұрақты жұмыс орнымен қамтылып отырғанын айтты. Бұл күнгі шара барысында елдің 4 облысынан 36 мемлекеттік орган мен 11 оқу орындарынан өкілдер қатысып отырды.
Жалпы, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы шеңберінде 2014 жылдан бері Оңтүстік Қазақстан облысынан Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласына барлығы 107 отбасы қоныс аударуға ниет білдіріп, ондағы 20 отбасы тұрғын үймен қамтылған. Және барлық отбасы мүшелері тұрақты жұмыс орындарымен қамтылған.
Бұл бағыттағы жұмыстар жылдың соңына дейін жалғасатын болады.