03.05.2016 в 20:29

ЕҢБЕКТЕНГЕН ЖЕРДЕ ҚАЛМАЙДЫ...

Оңтүстікқазақстандықтар жерді қалай пайдалану керектігі жайлы өз пікірлерін ортаға салды.

Еңбектенген жерде қалмайды...

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Жер кодексіне енгізілген өзгерістер төңірегінде түрлі әңгімелер көбейіп тұр. Жер кодексімен мұқият танысып шыққан адамға бәрі де түсінікті деп ойлаймын. 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап қазақстан азаматтары үшін    ауылшарушалығы жерлері аукционға шығарылмақшы. Біріншіден Жер кодексіне енгізілген өзгерістер өз азаматтарымыздың жерге деген қызығушылын арттырып, жалға алған жерін жеке меншікке  10 жыл көлемінде 50 пайыз жеңілдікпен алуға рұқсат беріп отыр. Жерде еңбек етем деген шаруаға бұл  тиімді  мүмкіндік деп ойлаймын. Мен өзімнің ауылда 9,5 гектардай жерім бар. Осы жерден табыс тауып, бала шағамызды асырап отырмыз. Алдағы уақытта мал басын көбейту, ауылшаруашылық техникаларын жаңарту жоспарда бар. Бұл жерден табыс тауып қана қоймай, оны экспортқа шығарамын деушілер үшін жақсы мүмкіндік болар еді. Үкімет тарапынан   да  жыл сайын шаруаларға қолдау көрсетіліп келеді.

Жалпы мен Қазақстан Республикасының Жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қолдай отырып, алдағы  10 жылдықта еліміздің  алдыңғы қатарлы ауылшаруашылығы тауарларын экспорттаушы елдер қатарынан көрінетініне сенемін.  Ауыл - қазақтың алтын ұя бесігі. Ауылымызды көркейтіп, жерімізді тоздырмай, жаңа технологияларды пайдалана отырып еңбектенсек, еңбектенген жерде қалмайды.

Амантай Байдуллаев, Шардара ауданы,

Ақшеңгелді ауылдық

округі "Нұрила" шаруа қожалығының төрағасы

«Заңның жаңа нормалары ауылдағы шаруалардың мүддесін қорғайды»

Ауыл шаруашылығы саласына дем беру үшін ауыл тұрғындарына мемлекеттік теңдессіз қолдау шаралары қолға алынуда.

Мысалы, жерді жалға алған Қазақстан азаматтары ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерді жеңілдетілген бағамен он жылға дейін бөліп төлеу құқығымен жекеменшікке сатып ала алады.

Біздегі меншік иелері мен жерді пайдаланушылар ауыл шаруашылығы нысандары мен оған қажетті инфрақұрлымдарды салу құқығын пайдалана алады.

Бұрын ауыл халқының ондай мүмкіндіктері болмаған.

Жер біздің азамат¬тарымыздың сүбелі экономикалық активіне айналады және бұл ауылдағы еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы жерлерін жекеменшікке беру бұл саланың дамуына аса қуатты серпін береді.

Заңның жаңа нормалары агроөнеркәсіп саласының, фер-мерлердің, шаруа қожалықтары жұмысшыларының қатысуымен талқыланған және ол ауыл мүддесін қорғаудан туындаған.

Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаты, «Нұртан» өндірістік кооперативінің төрағасы  Мақұлбаев Нұрлыбақыт Тілләбайұлы 

«Кетебай» өндірістік кооперативінің төрағасы Бекенов Сәду Кетебайұлы (Мақтарал ауданы):

Мемлекет Басшысының бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында жер заңнамаларына енгізілген өзгерістерді толық қуаттаймын. Бұл жерде шетелдіктерге жер сатылатыны туралы теріс ақпараттың тарауынан жер мәселесіне халықтың назары ауып жатыр. Мен өзім тұрғындардың мұндай ойдан аулақ болуға шақырамын. Себебі Заң ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерін тиімді пайдалану, оларды нарықтық айналымға енгізу, жер учаскесінің меншік иесін анықтай отырып мақсатты пайдалану ресімдерін жеңілдету үшін енгізіліп отыр.

Сондықтан, заңда белгіленген талаптар егістік жерлерде барлық агротехникалық шараларды енгізе отырып, мол өнім алып, елдің игілігіне жарасын, бос жатпасын деген мақсатта екендігін түсінемін.

«Бадам» Өндірістік Кооперативінің төрағасы Мамедов Илимдар (Төлеби ауданы):

Біз «Бадам» ӨК 40 тан астам мүшелері егін шаруашылығымен айналысамыз. Біз еңбек етіп, тер төксең ғана өнім алуға болатынын жақсы білеміз. Сондықтан бар отбасымызбен жерден жақсы өнім алып отырмыз. Алған өнімнің арқасында балаларымызды киіндіріп, оқытып, тәрбиелеудеміз. Осы жерден өсіп, өніп отырмыз.

Қазақстанның тең құқылы азаматы ретінде елімнің, жерімнің тағдыры мені де алаңдатады. Бір жылдық өміріміз үшін емес, келесі жылы да өнім алу үшін барлық мүмкіндіктерімізді пайдалана  отырып жерді күтіп баптауға бар күш жігерімізді жұмсаймыз. Алдағы уақытта өндірістік кооператив жерін ұлғайтуды көздеп отырмыз. Жеріміз ұлғайса, алынатын өнім көлемі де артады. Түсетін пайдасы да өседі. Бұл жерде мен еңбек етемін, балаларымның болашағын осы жермен байланыстырамын.

«Бәймен Бұлақ» Өндірістік Кооперативінің төрағасы Б.Маусымбеков (Төлеби ауданы):

Мен соңғы 10 жылдан астам уақыт ішінде жер шаруашылығымен айналысамын. Қара күзден жер тырмалап бидай, арпа егіп 60 тан астам отбасы өз напақамызды жерден айырып отырмыз. Қолымызда бір комбайын мен  тракторымыз бар. Биыл түскен өнімнен арпа бидай тазалайтын қондырғы алдық. Жерімізді 49 жылға жалға алғанбыз. Жер кодексіне енгізілген өзгерістерге сай біз енді жалдағы жерімізді жарты бағасына сатып ала алады екенбіз. Және де оның қаржысын бөліп төлеу мүмкіндіктері қарастырылған. Біз бүгінде кооператив мүшелерімен бірге ақылдасып өз жерімізден түскен қаржының жартысын жұмсап, бірте-бірте сатып алатын болып шештік.

Мен шаруагермін. Маңдай теріммен еңбек етіп, ел экономикасына үлесімді қосып келе жатырмын десем артық айтқандық емес. «Аспаннан жауын, жерден өнім» дейді дана халқымыз. Жердің қадірін жақсы білемін.

Ауыл шаруашылығы саласына дем беру үшін ауыл тұрғындарына мемлекеттік теңдессіз қолдау шаралары қолға алынуда. Мысалы, жерді жалға алған Қазақстан азаматтары ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерді жеңілдетілген бағамен он жылға дейін бөліп төлеу құқығымен жекеменшікке сатып ала алады.

Сондықтан да, елімізде екі қолға бір күрек табылады. Еңбек еткің келсе мемлекет тарапынан қолдау бар. Өз басым осы мәселенің куәсі болып келемін. Жер туралы кодекстің өзгергені шаруамен айналысатын азаматтарға тиімді болары анық. Тек еңбек етсек қана ұтамыз. Өз жерімізді өзіміз тиімді пайдаланамыз десек, ешкім бетімізден қақпайды.

Сәбит Омаров, «Гүлжамила» ӨК төрағасы (Сайрам ауданы. Манкент ауылы)