Бүгінде облыста бағаны тұрақтандыру бойынша құрылған штаб жұмыс істеуде. Сонымен қатар, баға тұрақтылығын сақтап, тұрғындарға арзан әрі сапалы азық-түлік ұсыну мақсатында Шымкент қаласында әр аптаның сенбі және жексенбі күндері жергілікті тауар өндіруші кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші шаруа қожалықтардың қатысуымен жәрмеңке ұйымдастыр
Тұрақтандыру қорынан тауарларды сатудың тиімді жүйесі жолға қойылған. Бүгінге тұрақтандыру қорында 4 мың тн -ұн, 1 657 тн – картоп, 390 тн – басты пияз, 93 тн – сәбіз, 33 тн – күріш, 83 тн – макарон өнімдері, 1056 тн – құмшекер, 189 500 л – күнбағыс майы бар. Аталған тауарлар, шамамен ағымдағы жылдың тамыз айына дейін жеткілікті.
Азық-түлік тауарлары «Шымкент ӘКК» ҰК» АҚ арқылы Шымкент қаласындағы 10 базар мен 8 сауда нүктелеріне және аудан, қалаларға жеткізілуде.
Бүгінгі күні, облыста азық-түлік тауарларына жетіспеушілік байқалмайды. Барлық сауда орындарында әлеуметтік ахуал тұрақты.