05.05.2016 в 20:23

ТҰРҒЫНДАР ҚАЛА ӘКІМІМЕН ЕРКІН ПІКІРЛЕСТІ

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қала тұрғындарын жеке қабылдады. Қоғамдық қабылдау барысында жер мәселесі, шаһардағы әлеуметтік, коммуналдық проблемалар бойынша тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап, пікірлесті,-деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.

Алқалы жиында қала әкімі мемлекеттік қызметте жариялылық пен ашықтықты пайдалана отырып, жұртшылықты толғандырған өзекті мәселелерге нақты жауап беріп өтті.