05.05.2016 в 21:36

Шымкентте жыл басынан бері 3 млн. теңгеден астам ауылшаруашылық өнімі өндірілді

Шымкент қаласының жалпы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерінің көлемі 62  219 га құрайды. Оның ішінде егістік жерлер 41  033 га, жайылым 19  523 га, шабындық 244 га, көпжылдық екпелер 1  023 га және басқа мақсаттағы жерлер 396 га.

2016 жылы көктемгі дала жұмыстарына жеңілдетілген бағамен 520 тонна жанар-жағар май бөлініп, үш айда 167 тоннасы игерілген, яғни 31%.

Статистикалық мәлімет бойынша 2016 жылғы 1 сәуірге 3 026 млн. теңгенің ауылшаруашылық өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 2015 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 2,8 пайызға артты.

Барлық санаттағы ауылшаруашылық құрылымдарымен 2  518,7 тонна мал мен құс еті, 8  353,8 тонна сүт, 32  295,6 мың дана жұмыртқа өндірілді.

2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ет 6,7 пайызға, сүт 4,9 пайызға артық өндірілген ал жұмыртқа 9,3 пайызға кем өндірілді.