Шымкенттік қарт майдангер Айтжан Бекназаров соғыста 12 рет ажалмен бетпе-бет келіп аман қалған. Бүгінде 94-ке келген қария «оқ пен оттың ортасынан жарақат алмай, дін аман қайттым», - дейді. Жеңістен кейін бар ғұмырын сот саласына арнаған ардагер фемида қызметкерлері өткізген «Ұрпақтар сабақтастығы» атты басқосуда жас судьялар мен көпшілікке сұрапыл соғыс жылдары бастан кешкен қиындығы мен Отан үшін опат болған қарулас достарының ерлігі жайлы айтып берді. 30 жылдан астам сот саласында еңбек еткен
Айтжан Бекназаров, Ұлы Отан соғысының ардагері: - Мен сол сақтаушысы бар адамның бірімін деп ойлаймын. Неге? Есіме түсіп отыр, 12 рет тура келген ажалдан аман қалыппын. Молдавияда 4 ай қорғаныста тұрдық. Ботта деген үлкен көл бар. Арғы жағынан бергі бетке оқ жетпейді. Соның бергі жағасындағы қырда, бақылау пунктінде немісті қарап отырамын. Жерді терең етіп қазып снайпер отырғанын көріп қалдым. Біздікілер суға барады. Сосын айқайладым «суға бармаңдар, мерген отыр» деп. Сөйтіп мен қанша солдатты аман алып қалдым.