Шымкентте мақта қолғабын шығаратын өндірістің жұмысы қарқын алып келеді.«Оңтүстік» индустриалды
Жұмысын жаңадан бастаған «KAZ Hansol Intercom» ЖШС-нің жалпы құны 488 млн. теңгені құрайды.
50 адамды жұмыспен қамтитын өндіріс орны жылына 13 мың жұп данадан астам мақта қолғабын шығарып, өнімді ішкі нарықты қамтып, ТМД мемлекеттеріне шығаруды жоспарлап отыр.
Жалпы бұл зауыт «Оңтүстік» индустриалды аймағында осы жылы ашылып, жұмысын бастаған бірінші жоба.
Жыл соңына дейін облыстағы барлық индустриалды аймақтардан тағы 18 жобаны ашу көзделуде. Кәсіпорындар негізінен, құрылыс заттары, тез дайындалатын тағам өндірісі, жиһаз жасау, медициналық құрылғылар өндірісімен айналысатын болады.