12.05.2016 в 01:10

Шымкентке тартылған инвестициялардың көлемі 25%-ға өсті

2016 жылдың 3 айында негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың көлемі 17 537,8 млн. теңгені құрап, 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25,0%-ға өсті.

Қаржыландыру көздері бойынша республикалық бюджеттен тартылған инвестициялар 120,0 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 2 319,0 млн. теңге, меншікті қаражаттар есебінен 13 081,2 млн. теңге, банктегі кредиттер 987,8 млн.теңге және басқа да 1 029,8 млн.теңгені құрады.

Тартылған инвестиция көлемінің басым бөлігі өңдеу өнеркәсібі саласында 33,5%, көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу саласында 18,6%, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар саласында 16,8%, көлік және қоймалау саласында 7,5%.