12.05.2016 в 11:48

Шымкент қаласының тұрғындарын ауыз сумен қамту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді

Шымкент қаласының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйесімен қамту бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.

Қазіргі таңда, қала аумағында ауыз сумен қамту бойынша 1 506,0 млн. теңгеге 8 жоба, кәріз жүйесімен қамту бойынша 3 054,6 млн. теңгеге 6 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда:

- «Шымкент қаласы, Нұртас мөлтек ауданында су өткізгіш желілерінің құрылысы (II кезек)» нысанының құрылыс жұмыстарын аяқтауға 24,8 млн. теңге қаралып, нысанды мамыр айында тапсыру жоспарлануда.

- «Сайрам ауылын сумен қамтамасыз ету» нысанына 47,1 млн. теңге қаралып, нысанды маусым айында тапсырылмақ.

- «Шымкент қаласы Самал-3 шағынауданындағы су өткізгіш жүйелерінің құрлысы (2-кезек)» нысанының құрылыс жұмыстарына 584,8 млн. теңге қаралып, нысанды тамыз айында тапсыру жоспарлануда.

- «Шымкент қаласы Мирас шағынауданындағы су өткізгіш жүйелерінің құрылысы» нысанының құрылыс жұмыстарына 134,9 млн. теңге қаралып, нысанды маусым айында тапсыру жоспарлануда.

- «Шымкент қаласы Қайтпас-1 шағынауданындағы су өткізгіш жүйелерінің құрылысы (2 кезек)» нысанының құрылыс жұмыстарына 77,6 млн. теңге қаралып, 2016 жылдың 18 ақпанында №3 мемлекеттік қабылдау актісімен пайдалануға берілді.

- «Шымкент қаласы Ұлағат шағынауданындағы су өткізгіш жүйелерінің құрылысы» нысанының құрылыс жұмыстарына 375,9 млн. теңге қаралып, нысанды шілде айында тапсыру жоспарлануда.

- «Шымкент қаласы Қызылжар және Ынтымақ шағынаудандарындағы су өткізгіш жүйелерінің құрылысы» нысанының құрылыс жұмыстарына 260,0 млн. теңге қаралып, нысанды шілде айында тапсыру жоспарлануда.

- «Шымкент қаласы Гидролизный, Ворошиловка, Чапаевка, Оңтүстік шағынаудандарындағы кәріз жүйелерінің құрылысы» нысанының құрылыс жұмыстарына 290,4 млн. теңге қаралып, нысанды маусым айында тапсыру жоспарлануда.

- «Шымкент қаласы Тассай шағынауданынан бастап Қайтпас-1 шағынауданына дейінгі магистралдық кәріз коллекторының құрылысы» нысанының құрылыс жұмыстарына 337,7 млн. теңге қаралып, нысанды шілде айында тапсыру жоспарлануда.