17-шағынауданындағы №11 үйдің тұрғындарымен келісімге тұрған мердігер мекеменің жұмысшылары сығымдау жұмыстарын жүргізуде. Оған қосымша жертөледегі жылу жүйелері тексеріліп, қысымға шыдас бермеген бұрамалар мен құбырлар алмастырылады,-деп жазады otyrar.kz.
Айта кетейік, былтыр осы үйдің жертөлесіне тұтынған жылуды есептейтін жаңа құрылғы орнатылған болатын. Алдымен қарсылық танытқан тұтынушылар жылу маусымында үнемдеген қаржыларына көз жеткізіп, ризашылығын білдіруде.
Еңбекші ауданы бойынша сығымдау жұмыстарын 525 үйдің тұрғындары келісім негізінде жүзеге асырады. Ал келісімге келмеген 300-ден астам көп қабатты үй тұрғындары өз есебінен жылу маусымына дайындалады.
Қыстың қамын жазда ойлаған аудан әкімдігі тұрғындармен кездесіп, жылу маусымына дайындықты қазірден бастауға үгіттеуде. Сығымдау жұмыстарын ертерек жүргізіп, жүйелерді жаңалаған дұрыс дейді билік өкілдері.