Бүгінгі таңда жекеменшік таксилер азаматтар үшін қауіпті болып отыр. Қым-қуыт, үнемі жылжуды қажет ететін тіршілікте тіпті жеке бас қауіпсіздігімізді ұмытып кететініміз бар. Осыған байланысты, Шымкент қаласының ЖПҚ тасымалдау қызметін пайдаланушыларды қарапайым ғана қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады. Бұл, ең бастысы - жекеменшік тасымалдаушылардан бас тартып (сонымен қатар заңсыз такси қызметі), ресми тіркелген таксиді шақыру. Тиісті техникамен, байланыс құралдарымен жəне GPS-навигатормен жабдықталған таксилерде жеке бас қауіпсіздігімен қатар, жүргізушімен дауласудан жəне көліктің бұзылу қаупінен де құтыласыз.
Есте сақтаңыз, бұндай мүмкіндігі жоқ, қаладан шалғай ауылды жерлерде көлікке отырғанда, туыстар мен достарыңызға автокөліктің мемлекеттік нөмірін, шамамен келетін уақыты мен жүргізуші туралы жеке мəліметті хабарлауыңыз қажет. Навигациясы бар телефон болған жағдайда, оны жылжу барысында қосу керек.
Есте сақтаңыз, жеке бас қауіпсіздігіңізге немқұрайлы қараймын деп, бағалы заттарыңыз бен ақшаңызбен қатар, өз өміріңізден де айырылуыңыз мүмкін. Өмірімізді бұдан да жақсартуға бірге күш салайық.