30.05.2016 в 21:12

Түлкібаста «Ақ шатыр» демалыс орталығы ашылды

Түлкібас ауданының Машат шатқалында заман талабына сай жабдықталған, тамаша табиғат аясында орын тепкен «Ақ шатыр» демалыс орталығы ашылды.

Демалыс аймағының ашылуында ОҚО әкімінің орынбасары Ж.Бөкенбаев, аудан әкімі Қ.Абдуалиев сөз сөйлеп, аудан аумағында туризм кластерін дамыту мақсатында құрылған нысанның ашылуымен құттықтады. Сонымен қатар, еліміздің саяхатшыларын отандық демалыс орталығына демалуға шақырды,-деп хабарлайды Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

«Ақ шатыр» - әлемдік талапқа сай жасалған демалыс орталығы. Жалпы аумағы 3 гектар жерді алып жатқан орталыққа 620 млн. теңге қаржы жұмсалған.

Нысанның ашылуына еліміздің өнер жұлдыздары - «Жігіттер» квартеті, Қ.Байкенов, ВИА Формат, Ә.Қалаубаева тағы басқа да әншілер ән шырқап, кеш соңы мерекелік отшашумен аяқталды.